Бағдарламаның бірінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
      1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

      2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

       Бағдарламаның бірінші бағытының операторы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады.
       5.1.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау

       Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне және оқытудың екідеңгейлі моделінің модульдік бағдарламаларына сәйкес тегін беріледі.
      Өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
      Өзге санаттағы адамдарға:
      1) көп балалы отбасылардан шыққан балалар;

      2) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;

      3) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;

      4) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;

      5) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;

      6) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда, сондай-ақ қалпына келтіру емін жасайтын және медициналық оңалту ұйымдарында оқитын балалар;

      7) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      8) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

      9) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар жатады.

       ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.
      Бағдарламаға қатысу және қатысушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну шарттары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі – Кадрларды даярлау және оқыту қағидалары) айқындалады.
      ТжКБ бар кадрларды даярлауды жүзеге асыруға арналған оқу орындарының және мамандықтардың тізбесін, оқу орындары бойынша орындарды бөлуді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның ұсынымы бойынша өңірлік комиссия бекітеді.
      Мамандықтар мен кәсіптер тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен (ӨКП) бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігіне талдауды және болжамын есепке ала отырып айқындалады. ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесі "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 15-2) тармақшасына сәйкес Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері мен мамандықтарының сыныптауышына сәйкес білім берудің екі деңгейлі моделі бойынша білім беру мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер және мамандықтар тізбесінің негізінде айқындалады.
      Оқу орындары мыналары:
      1) техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру қызметіне лицензиясы;

       2) ТжКБ саласында білім беру қызметін жүзеге асыру бойынша кемінде үш жылдық тәжірибесі болған кезде тізбеге енгізіледі.

       Оқу орындары және мамандықтар бойынша орындарды бөлу білім беру саласындағы және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындалатын облыс бойынша оқитындар контингентінің жылдық жоспарлы көрсеткіштерінің негізінде жүзеге асырылады.
      ТжКБ бар кадрларды даярлау тетігі:
       1) аудандық (қалалық) комиссияның шешімімен әрбір елді мекенде ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топтар құрылады.

      Мобильдік топтардың құрамына кенттер, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар мен қалалар құрамындағы аудандар әкімдіктерінің, білім беру ұйымдарының, аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, жастар ұйымдарының өкілдері мен волонтерлер кіреді.
      Мобильдік топтардың қызметін ұйымдастыруды аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады;
      2) мобильдік топтар жыл сайын 20 тамызға дейінгі мерзімде білім беру ұйымдарынан, жергілікті полиция қызметінен, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан және кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың, қалалар құрамындағы аудандардың әкімдіктерінен деректер алу арқылы үміткерлерді іздестіруді жүзеге асырады және олармен түсіндіру және кәсіптік бағдарлау әңгімелерін жүргізеді.

      Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша мобильдік топтар бекітілген тізбеге сәйкес оқу орындары мен мамандықтарды көрсетіп, үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады;
      3) мобильдік топтар жыл сайын 25 тамызға дейінгі мерзімде аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға аудандық (қалалық) комиссияның қарауына және бекітуіне шығару үшін қалыптастырылған тізімдерді ұсынады;

      4) облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар аудандық (қалалық) комиссия шешімінің негізінде бес жұмыс күнінен кешіктірмей оқу орындарымен (аудандық) қалалық комиссияның шешімін және оқитындардың тізімімен қоса, Бағдарлама шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлау туралы шарт жасайды;

      5) аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың әкімдерімен бірлесіп үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді хабардар етеді және оларға оқу орындарына жолдамалар береді;

      6) оқу орындары үш жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді оқушылардың құрамына қосады.

      Оқу орындары оқушыларды қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей және ай сайынғы негізде есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарға білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), ЖСН (бар болса), жасын, олар таңдаған мамандықтарды, оқу топтары мен ұзақтығын көрсете отырып, оқитын Бағдарламаға қатысушылардың тізімдерін ұсынады;
       7) оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханынан өткен Бағдарламаға қатысушыларға білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, біліктілік беру туралы сертификат беріледі.

       ТжКБ бар кадрларды даярлаудың ұзақтығы білім беру бағдарламаларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес таңдалған мамандыққа байланысты болады.
      Оқу орындары Бағдарламаға қатысушыны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында көзделген жағдайларда аудандық (қалалық) комиссияның келісімі бойынша оқудан шығарады;
      Облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде оқушылар жөнінде статистикалық есептілік ұсынады.
       5.1.2. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу

       Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізіледі.
      Қысқа мерзімді кәсіптік оқу цифрлық сауаттылық дағдыларына, ағылшын тіліне және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша да өткізіледі.
      Қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ұзақтығы кәсіптің ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды.
      Қысқа мерзімді кәсіптік оқу жұмыс берушілердің қатысуымен және ӨКП-мен келісілген білім беру ұйымы әзірлеген оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Қысқа мерзімді кәсіптік оқу жинақталуына қарай кіші топтарда жүзеге асырылатын болады.
      Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар 29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады.
      Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі. Басқа қаладан келген қатысушылар үшін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу көзделеді.
      Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқудан мобильді оқу орталықтары арқылы өте алады.
      Мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында айқындалады.
      2017 жылы мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқу пилоттық режимде бес өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жүзеге асырылады.
      Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды өткізу үшін білім беру ұйымдарының тізбесін, кәсіптер, дағдылар тізбесін және білім беру ұйымдары және кәсіптер, дағдылар бойынша орындарды бөлуді облыстық деңгейдегі білім беру және халықты жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының ұсыныcы бойынша өңірлік комиссия айқындайды.
      Кәсіптердің, дағдылардың тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен және ӨКП-мен бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігіне талдау мен болжамды есепке ала отырып айқындалады.
      Білім беру ұйымдары:
      1) тәлімгерлікпен дуальды оқыту элементтерін пайдаланған;

       2) біліктілік емтиханынан өткен адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік немесе сертификат бере отырып қысқа мерзімді кәсіптік оқу жүргізу бойынша біржылдық тәжірибесі болған жағдайда тізбеге қосылады.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқу жүргізу тетігі:
       1) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлер Бағдарламаға қатысуға өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталықтарына/білім беру ұйымдарына/ӨКП-лерге/ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне жүгінеді және тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында көзделген құжаттарды ұсынады;

      2) білім беру ұйымдары/ӨКП/ауылдық округтер немесе елді мекендердің әкімдері үш жұмыс күні ішінде үміткерлерден келіп түскен құжаттар мен өтініштерді халықты жұмыспен қамту орталықтарына береді;

       3) халықты жұмыспен қамту орталықтары екі жұмыс күні ішінде үміткерлердің құжаттарын Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексереді, үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады және аудандық (қалалық) комиссияға жібереді;

       4) аудандық (қалалық) комиссия үміткерлердің тізімдерін үш жұмыс күні ішінде қарап, бекітеді;

       5) халықты жұмыспен қамту орталықтары үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді аудандық (қалалық) комиссия қабылдаған шешім туралы хабардар етеді және оларға білім беру ұйымдарына жолдама береді. Ауылдық елді мекендерде тұратын үміткерлер ауылдық округтер мен елді мекендердің әкімдері арқылы хабардар етіледі;

       6) білім беру ұйымдары қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қабылдауды аудандық (қалалық) комиссия шешімінің негізінде үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Білім беру ұйымдары оқушыларды қабылдағаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде халықты жұмыспен қамту орталықтарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), ЖСН (бар болса), жасын, олар таңдаған мамандықтарды, оқу топтары мен ұзақтығын көрсете отырып оқитын Бағдарламаға қатысушылардың тізімдерін ұсынады;
       7) қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған Бағдарламаға қатысушыларға білім беру ұйымы белгіленген үлгідегі куәлік, біліктілік беру туралы сертификат береді.

      Білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында көзделген жағдайларда Бағдарламаға қатысушыларды аудандық (қалалық) комиссияның келісімі бойынша оқудан шығаруға құқығы бар.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға Кадрларды даярлау және оқыту қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде оқушылар жөнінде статистикалық есептілік ұсынады.
      Білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқудың құнын облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың ұсынымы бойынша жыл сайын білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесіне арналған шығыстарға сүйене отырып өңірлік комиссиялар белгілейді және өндірістегі тәлімгерлердің еңбегіне де ақы төлеуді көздейді.
      Қысқа мерзімді кәсіптік оқу аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Заңға сәйкес Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.
      Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру шеңберінде тараптардың өзара іс-әрекетін ұйымдастыру
      ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
      Білім беру саласындағы және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне Бағдарламаның бірінші бағытының іске асырылуы туралы мынадай:
      1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының саны;

      2) оқыту (ТжКБ, қысқа мерзімді кәсіптік оқу) түрлері, мамандықтар мен кәсіп түрлері, оқытудың ұзақтығы бойынша оқушылардың саны;

      3) өтініш бергендердің және оқытуға қабылданғандардың саны;

      4) оқуды аяқтағандардың саны;

      5) оқудан шығарылғандардың және оқуды аяқтамаған адамдардың саны туралы ақпаратты білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

       Білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру саласындағы және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпараттың негізінде ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат ұсынады.
      Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде тартылған тараптардың функцияларын бөлу
      Өңірлік комиссия:
       1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде мобильдік оқу орталықтарының базасында оқыту үшін білім беру ұйымдарының тізбесін бекітеді;

      2) ТжКБ бар кадрларды даярлау үшін мамандықтардың және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде оқу орталықтарының базасында оқыту үшін кәсіптердің тізбесін бекітеді;

      3) оқушылардың контингенті бойынша жоспарлы деректердің негізінде білім беру ұйымдары және мамандықтар (кәсіптер) бойынша орындарды бөлуді қамтамасыз етеді.

      Аудандық (қалалық) комиссия:
      1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімдерін бекітеді;

      2) Бағдарламаға қатысушыларды оқудан шығару туралы шешім қабылдайды;

      3) әрбір елді мекенде ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топтар құрады.

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
      1) Бағдарламаның бірінші бағытын жалпы үйлестіруді және іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;

      2) Бағдарламаның бірінші бағытының іс-шараларын іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;

      3) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;

       4) "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес модульді-құзыретті тәсілге негізделген үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын бекітеді.

      Облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар:
      1) Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру бойынша жер-жерлерде тартылған барлық тараптардың жұмысын үйлестіреді;

      2) ТжКБ бар кадрларды даярлауға жергілікті бюджет қаражатын орналастырады;

      3) ТжКБ бар кадрларды даярлау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді;

      4) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша білім беру ұйымдарының және мамандықтардың (кәсіптердің) тізбесін қалыптастырады және оларды өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;

      5) аудандар және ауылдық округтер бойынша мобильді оқу орталықтарының шығу графигін қалыптастырады.

      Аудандық (қалалық) деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар:
      1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімін аудандық (қалалық) комиссиялардың шешімі бойынша құрылған мобильді топтар ұсынған деректердің негізінде қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оларды аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;

      2) аудандық (қалалық) деңгейде Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіреді және мониторингті жүзеге асырады.

      Білім беру ұйымдары:
      1) қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін ӨКП-мен бірлесіп кадрлар даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен оқу бағдарламаларын әзірлейді;

      2) цифрлық сауаттылық дағдыларына, ағылшын тілін және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларын әзірлейді;

      3) кадрлар даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқуды жүргізеді;

      4) халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқитын Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпаратты ұсынады;

      5) белгіленген үлгідегі біліктілік беру туралы құжаттарды (диплом, сертификат, куәлік) береді.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
      1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Бағдарламаның бірінші бағытының іске асырылуын жалпы үйлестіруді және мониторингін жүзеге асырады;

      2) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;

      3) еңбек нарығын талдауды және болжауды, анағұрлым сұранысқа ие кәсіптерді айқындауды жүргізеді және аталған ақпаратты Бағдарламаға қатысушы тараптарға беруді қамтамасыз етеді;

      4) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды жемісті аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастырудың мониторингі бойынша жұмысты ұйымдастырады.

      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:
      1) өңірлік еңбек нарығындағы жұмыс күшіне талдауды, сұраныс пен ұсынысты болжауды жүргізеді;

      2) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жергілікті бюджет қаражатын орналастырады;

      3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді;

      4) қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша оқитын Бағдарламаға қатысушылардың мониторингін жүргізеді;

      5) өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның жұмысын ұйымдастырады.

      Жергілікті атқарушы органдар – кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қала құрамындағы аудандардың әкімдері:
      1) Бағдарламаның бірінші бағытына қатысу мәселелері бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      2) мобильді топтар құрамында ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімдерін қалыптастыруға қатысады;

      3) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысқысы келетін адамдарға консультация береді және оларды халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді;

      4) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлерді қабылданған шешім туралы хабардар етеді және оларға білім беру ұйымдарына жолдама береді;

      5) ТжКБ бар кадрларды даярлаудан және қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткен адамдардың мониторингін жүргізеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары:
      1) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушылардың тізімін қалыптастырады, комиссиялардың қарауына үміткерлердің тізімдерін шығарады және аудандық (қалалық) комиссия қабылдаған шешімдер туралы үміткерлерді хабардар етеді;

      2) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқытылатын, сондай-ақ оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушылардың мониторингін ақпараттық жүйелер арқылы жүргізеді;

      3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысады;

      4) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.

      Ұлттық және өңірлік кәсіпкерлер палаталары:
      1) үміткерлерді тартуға және олардан қысқа мерзімді кәсіптік оқуға өтініштер қабылдауға қатысады;

      2) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін білім беру ұйымдарының тізбесін айқындауға қатысады;

      3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы оқыту үшін оқу бағдарламаларын келіседі;

      4) кәсіптер бөлінісінде жұмыскерлерге сұранысты болжауға қатысады;

      5) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.